$ 494.87  520.65  4.91

Qazaq Air-ге енді жоламаспын: желі қолданушысы ұшақтың селкілдеп, әзер қонғанын айтты

Монополистерге бәсекелес болсын деп құрылған Qazaq Air әуе компаниясының ұшу ақысының арзандығына мақтау айтқандар көп болғанымен, ұшақтарының сапасына сын тағатындар саны да аз емес. Мәселен, Амандық Дәулетбекұлы есімді Facebook-қолданушысы бұдан былай аталған компанияның ұшақтарына бұдан былай мінбейтінін айтып отыр.

Желі қолданушысы Qazaq Air ұшағының әуежайға әзер қонғанын, ондағы жолаушылардың байбаламға салынып, тіпті кейбірінің жылағанын да жазыпты. Айтуынша, әуе көлігі әбден селкілдеп, ондағы адамдар аттракционда отырғандай сезімде болған екен.

"Жолаушылардың осылай (аттракциондағыдай) айғайлағаны мен әйелдердің шыңғырғанын соңғы рет Air-Астананың Ыстамбұл-Астана деген рейсінің тұсауы кесілген алғашқы ұшуында көргем. Каспидің үстінде болған о жолы. Стюардтар(дессалар) итеріп жүрген арбасынан айрылып қалып, өздері еденге жата кетіп, қорқыныштан жылап жіберген болатын. 2007-нің дәл осындай, алтыншы айының басы болатын. О жолы жастау болдық па, зәре құтымыз қашып, өлердей шошығамыз. Осы жолы қорқыныштан гөрі бір түрлі өкпеге ұқсайтын ойда ғана болдым. Өте жағымсыз эмоциялық жағдай. Қысқасы Қазақ-эйрге ешқандай әңгімем жоқ, ал, өз басым енді ешқашан мінбеймін. Менен келіп, жеке өзімнен ақыл сұрайтын адам болып жатса, айтарым: сіздің де жоламағаныңыз дұрыс шығар"- деп жазды Амандық Дәулетбекұлы өзінің Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары