Астана менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға 1980 жылғы жігіт жеткізілді деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты астаналық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрқан Сәдуақасов растап отыр.
«Науқас 6 маусым күні түсте реанимацияға жеткізілді. Бүгін жағдайы қалыпты. Менингитке соншалық ұқсамайды. Бірақ біз сонда да алдын алып, гипердиагностика жасап жатырмыз. Денесінде бөртпе жоқ», – деді Сәдуақасов.