$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы «Артём» базарында сатушы мен клиент қан-жоса болғанша төбелесті (ВИДЕО)

Астанадағы «Артём» аталып кеткен «Астаналық» базарында сатушы мен клиент бір-бірімен жанжалдасып, даудың арты төбелеске ұласты. Базардағы сатушылардың бірі болған жайтты камераға түсіріп алған.

Видеодан сауда үйіне кіре беріс жердің қанға боялғанын көруге болады. Біреулер төбелескен екі жігіттің бір-бірін жақсы танитын достар екенін айтуда.

Куәгердің айтуынша, телефонға бола сөзге келіп қалған сатушы мен клиент қан-жоса болғанша төбелескен. Соңында клиент витрина әйнегіне құлап, басынан жарақат алыпты.

«Артём сауда үйінде 1 қабатта сатушы мен клиент сөзге келіп қалды. Сатып алушы телефонның сапасына көңілі толмайтынын айтқан. Соңында екеуі бір-бірімен төбелесіп қалды. Витринаға құлаған сатып алушы Нұрпейісов Бақытбекті ауруханаға алып кетті. Ал, сатушы Заирянов Азамат Алматы аудандық Ішкі істер басқармасында отыр», – деп жазады автор.

Десе де, полицейлер күдіктінің әлі ұсталмағанын, оны іздеу шаралары жүріп жатқанын айтып отыр.

«7 маусым күні Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінде болған бұзақылық фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктінің кім екені анықталды, қазір оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полицейлер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары