Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. Республиканың солтүстік және оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ға жетеді. Күндіз кей жерлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болады. Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл күтіледі. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейіп, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Маңғыстау, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Дереккөз: 365info.kz