Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны күн санап артып келеді. Finprom.kz жариялаған статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазір 84 мыңға жуық жас жұмысқа мұқтаж. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Дмитрий Бондаренко 21 жаста, ол қазірдің өзінде еліміздегі табысты кәсіпкерлердің бірі. Ол сыныптас серіктестерімен бірге гүл сататын дүкендер желісін ашқан. Жас кәсіпкер жақында ғана инженер-теплоэнергетик мамандығы бойынша диплом алды.
Бірақ, мамандығы бойынша жұмыс істеуге асықпаймын дейді. Ол алған білімінің бизнеске көмектесетініне сенімді. Ал жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесіне келетін болсақ, Дмитрий оған мүлде сенбейді.
«Адамдар жалқау деп тіке айтуға болады. Жұмыс әрдайым бар. Ал, Қазақстанда өте көп. Бұл жерде жастар анда жұмыс жоқ, мында жалақы аз дегенге үйреніп қалған. Олар ой, жұмыс істегім келмейді, бармаймын, маған ата-анам көмектеседі, аға-көкем, аталарым жақсы қызметке орнастырады деп, халқымыздың дәстүрі сылтауларын алға тартады», – дейді кәсіпкер Дмитрий Бондаренко.
Қалай болған күннің өзінде жұмыссыздар саны күн санап артып барады. Finprom.kz жариялаған статистикалық мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 84 мың адамға дейін өскен. Статистикаға сүйенсек, жұмыссыздардың көбі ірі қалаларда.
Ал жастардың айтуынша, таныс-тамыры жоқ адамдарға жұмыс табу өте қиын, көбінесе жас адамдар шағын жалақыға қанағаттанбайды.
Осы орайда жүргізілген сұрақ жауапқа көз жүгірте кетсек.
– Қазір көпшілігі қызметке таныс арқылы орналасады, сол үшін таныс-тамыры жоқ адамдар жұмыс таба алмайды.
– Біздің заманда 50 мың жалақыға өмір сүру өте қиын. Өздеріңізде де түсінетін шығарсызар, бүгінде бәрі қымбат және керек заттыңның бағасы одан әрі өсіп келеді. Сондықтан, әркім жақсы жұмыс іздейді, бірақ оны бәрі таба алмайды. Бұл әрине, өкінішті.
Ал жастар жұмыс іздеп жүргенде, шенеуніктер жұмыстың жеткілікті екенін мәлімдеуде.
«Қайткен күнде де жастар жақсырақ мамандық таңдайды. Негізінен, қазір техникалық мамандықты бітірген мамандарға ерекше назар аударылады, себебі олар сұранысқа ие. Сонымен қатар бізде педагогикалық және медициналық қызметкерлерге де үлкен қажеттілік бар»,- деді Ақтөбе облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Любовь Остафейчук.
Расымен де, жұмысқа орналасу үшін көптеген мүмкіндіктердің бар екенін мойындауымыз керек. Сондай-ақ, жастардың көбі жаңа бизнес саласын меңгеріп, ғаламторда сауда сатып, қолөнермен, шығармашылықмен айналысып-ақ жетістікке жетіп жүр.
Дереккөз: matritca.kz