Қоғам 12.06.2018 сағат 06:18

«Қандай дәрі жазып беретінін де білмейді»: ОҚО тұрғыны аудан дәрігерінің ісіне салғырт қарайтынын айтты (ВИДЕО)

ОҚО Ордабасы ауданындағы Бадам ауылының тұрғыны Гүлмира Аманжолова жергілікті дәрігерлерге наразылығын білдірді. Айтуынша, ақхалаттылар науқастарға салғырт қараса, бас дәрігер орнында отырмайтын көрінеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дәрігерді жарты сағат күттім деген ол қаңырап бос тұрған кабинетті видеоға түсіріп, кішкентай баласының науқас екенін айтады.

«Ауруханаға ауырып әрең келесің. Дәрігерлер орындарында отырмайды. Жарты сағат болды күткеніме. Баламның аяғы қақсап, ауырып әзер келдік. Ауруға қандай дәрі жазып беретіндерін де білмейді. Әркімнен сұрап жүреді. Тағы бұны бас дәрігер деп айтады. Дым білмейді», – дейді ашуға булыққан тұрғын.

Ал желі қолданушылары әйелдің сөзін растап, мұндай жағдай көп емханаларда кездесетінін жазуда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар