14.06.2018, 05:07

«Байсыз қалғаным артық»: Белгілі журналист қытайға тұрмысқа шығатын қазақ қыздарын сынады

Белгілі телерадиожүргізуші Аяна Ғабдуллина Қытай азаматтарының жетегінде кеткен қазақ қыздарын сынға алды. Айтуынша, олар махаббат үшін емес, жақсы өмір сүруді ойлағандықтан қытайлықтарға тұрмысқа шыққан.

«2017 жылы қаңтар мен шілде арасында 5000 қазақ қызы Қытайға тұрмысқа шыққан екен. Қанша бала дүниеге әкелгенін санамай-ақ та қояйын, ойламай-ақ та қояйын. Біреулер сүйіп қосылып жатыр деп айтып жатыр. Ол қайдан? Ненің махаббаты деймін? Сол баяғы біздің қыздардың жақсы өмір сүруге талпынысы шығар. Соларға тағы бір қытай туып бергенше, мен одан да байсыз қалғаным артық деп ойлап отырмын. Дегенмен де, бізге бармақтай бақ берсін дейміз. Махаббатсыз тұрмысқа шығып қалсақ та, қазаққа шығайық енді», – дейді Ғабдуллина өз Instagram-парақшасында. Ары қарай ол қазақ қыздарына басқа ұлттың емес, қазақ санын көбейтуге кеңес берді.