15.07.2015, 18:00

Мас жүргізуші дәмхана шақырына шығып кетті

http://kaz.tengrinews.kz/

Оралда автомобиль дәмхананың шатырына қонды, - деп хабарлайды"Мой ГОРОД" басылымы. Оқиға бүгін, 16 маусым күні таңғы сағат 06.00 шамасында болды.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған кезде ғимарат ішінде 4 адам болған. "Біз дамхананың ішінде болдық. Кенеттен қатты дауыс естіліп, әйнектер сынып кетті. Жазғы алаңға жүгіріп шықтық, онда бір қыз ұйықтап жатқан, соны көлік қағып кетті деген ой келді. Қарасақ, бәрі дұрыс. Далаға шықсақ бір жігіт отыр, шатырдан бензин ағып жатты", - деді дәмхана қызметкері.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерінің айтуынша, дәмхана маңында болған үш жігіт те мас болған. "Біреуінің жағдайы тым нашар болды, екеуі қатты жарақаттанған. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді", - деді ол.

Басылымның мәліметінше, автомобильде болғандардың біреуі қашып кеткен. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.