$ 494.87  520.65  4.91

«Бала емес, бәле»: Таразда өртеніп кеткен 6 жасар баланың анасы бар сұмдықты айтты

Таразда 6 жасар баланың тірідей жанып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сұмдық жағдайдың мән-жайын сәбидің анасы КТК журналистеріне айтып берді.

Әйелдің сөзінше, Максимнің үстіне отты көрші үйдің егіз балалары қойған, олардың жастары небәрі жетіде екен. Сондықтан ол бұзақылар мен олардың ата-анасын қатаң жауапқа тартқызу керек дейді ол.

Лапылдаған отты Максимнің ағасы байқап қалып, дереу өшірген екен. Ол болмағанда бала тірідей жанып кетер еді.

"Есін жиғаннан кейін ұлымның өзі айтты. Рома дегені Максимнің үстіне бензин шашып жіберген. Артынша Данил сіріңкені тұтатып лақтырған. Қойыңдаршы деп жалынған, бірақ олар дегендерін істеген", - дейді Вера Легостаева.

Ал, егіздердің анасы болса ұлдарына көршісі жала жауып отыр деп есептейді. Айтуынша, Максим байқаусызда өзін өртеп алған. 

"Бұны қанішерлік, әдейі істеді деп айтуға келмейді. Олар ойнап жүріп, ішінде сұйықтығы бар құты тауып алған. Ішіндегісін екінші ыдысқа құйып сапырған. Осы сәтте өрт шыққан болуы мүмкін", - дейді егіздердің анасы.

Денесінің 18 пайызы күйіп қалған Максим үш күн жансақтау бөлімінде жатып, жалпы палатаға бүгін шықты. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп отыр. 1 аптадан кейін екінші операция жасайды, яғни денесінің күйген терілерін алып тастайды. Ал, мұнан кейінгі үшінші операцияда басқа тері жабыстырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары