16.07.2015, 18:00

Шымкентте мемлекеттік мекеме аумағында атыс болды

massaget.kz

Шымкент тұрғыны медициналық мекеме  алдында атыс ұйымдастырды деп хабарлайды Skifnews.kz ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияны оқиға куәгерлері шақырған. Олар мекеме алдында ер адам қару кезеніп, адамдарды қорқытып жүргенін айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенде 45-50 жас аралығындағы  ер адам қарсыласып, егер полицейлер жақындаса, оқ атам деп қорқытқан.

«Полицейлер құқық бұзушыны тоқтатуға тырысты, алайда ер адам қарсылығын күшейте түсті. Оны ұстаған кезде ол жерге бірнеше рет оқ атты. Нәтижесінде қылмыскер тұтқындалып, Еңбекші аудандық полиция бөліміне жеткізілді», – дейді баспасөз қызметі.

Әзірге тәртіп бұзушының 1988 жылы туғаны және еш жерде жұмыс жасамайтыны анықталды. Сонымен қатар, заттай айғақ ретінде «Смерч» маркалы пневматикалық тапанша, пышақ, ұялы телефон, 2-топ мүгедегінің зейнеткерлік куәлігін тәркіледі.

Аталмыш факті бойынша полицейлер ҚР ҚК «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» 380-бабы бойынша сот алды тергеу жүргізуде.