Қазақ жігіті жезөкшелік қызметін ашық ұсына бастады. Мұндай жарнамалар интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде көбейе бастаған.
Мәселен, сондай «ловелас» жігіттердің бірі өзіне «Брэд Пит» деген ат қойып алып, қыздарға интимді қызметтің барлық түрін көрсетемін деп жарнамасын жасапты. Аты-жөні толтырылған анкетада оның Алматы тұрғыны екені көрсетілген. Жасы – 30-да, ұлты – қазақ. Жезөкше жігіт төсек қатынасынан басқа өзімен естелікке суретке түсу, классикалық және адамды рахатқа бөлейтін массаждарын жасайтынын да атап көрсеткен. Сондай-ақ, ол клиентімен бірге түнгі клуб немесе мейрамханаға барса, қосымша 15 мың теңге алатынын ашық жазыпты.