19.07.2015, 18:00

Терроршыларды «Ак Жол» партиясының депутаты қаржыландырып келген

http://rgmedia.kz/

«Бүгін халықаралық «Манас» әуежайында «Ак Жол» партиясының бұрынғы депутаты К.М.К деген азаматты Қырғыз мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мамандары қолға түсірді. Ол елді тастап, шетелге қашпақ болған. Оған шілденің 16-сы күні Бішкекте орын алған жағдайға қатысы бар деген айып тағылып отыр»,-деп хабарлайды Rgmedia.kz ақпараттық парталы Қырғызстанның vb.kg (Вечерний Бишкек)сайтына сілтеме жасап.  

Айта кетейік, шілденің 17-сы күні ДАИШ (Ислам мемлекеті) ұйымы Ораза айт күні Қырғызстандағы Ресей Федерациясының авиабазасында террорлық акт жасамақшы болған. Қанттағы бұл жағдайдың алдын алып, лаңкес ұйымның мақсатын терроршыларға қарсы әрекет етуші тиісті сала мамандары жүзеге асыртпай қойған-ды. Дегенмен қарулы қақтығыс болып, адам шығыны орын алған.

Арнайы қызметтің анықтағанындай террорлық топтың Әмірі-көшбасшысы Қырғызстан азаматы Жанболат Амиров деген азамат. Ол бұған дейін де қылмыстық жазаға тартылып, жазасын өтеп жатқан орыннан қашып кеткені үшін халықаралық іздеуде жүр. Лақап аты "АМИР"

Лаңкестердің ойын жүзеге асырмау операциясы барысында  Қырғызстан  мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 4 қызметкері жараланған. 

Ал «Манас» әуежайында бүгін қолға түскен К.М.К деген азаматтың мәселесіне қайта оралатын болсақ,  «Қырғызстандағы лаңкестер ұйымын қаржыландырып, қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған «Ак Жол» партиясының мүшесі, Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің бұрынғы депутаты К.М.К» екен деген ақпарат елді елең еткізгені рас. Білетіндердің айтуынша «К.М.К-деген инциал бойынша Жоғарғы Кеңесте депутат болған тек бір ғана азамат бар. Ол- Кунакунов Максат Касымжанович. Бұл күндері ол « Жаштар окумату»  ұйымының көшбасшысы ретінде танымал. Оған тағылып отырған айыптың ең бастысы  «Тоха» деген лақап атпен танымал, бұрын істі болған Джумагулов Тариел Советбековичтің ұйымы арқылы ол қаржы, қару-жарақты терроршыларға жөнелтіп келгендігі болып отыр.

Қырғызстандық лаңкестер бірқатар қаржылық орталықтар мен бай-манаптарға қарулы шабуыл жасап, қаржылық жағдайларын жақсартпақ болған көрінеді.

Тегтер: Тероризм