$ 494.87  520.65  4.91

Жезөкшелікпен айналысып жүрген астаналық жүкті әйел жұрттың ашуына тиді (ФОТО)

Желіге өзінің жезөкше екенін жазған жүкті әйел жұрттың ашуына тиді. Ішінде нәрестесі бар келіншек жұрттан секс қызметі үшін сағатына 6 мың теңге алады екен. Бұл туралы ақпарат Instagram-парақшасында жарияланды.

Хабараландыру "ДругВокруг" танысу сайтында жарияланған. Өзі Астанадағы Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан 7 емхана жақта тұратын көрінеді.

"Мен жалғызбын. Аяғым ауыр. Бостан босқа жазбаңыздаршы. Бәрібір жауап бермеймін. Сағаты - 6 мың теңге", - деп жазба қалдырған ол.

Желі қолданушылары әйелдің жасап отырғанын опаздыққа балап жатыр.

"Жұрт баланы армандап көтере алмай жүр. Осындайлардың жолы болғыш. Обал", "Қалай ішіндегі сәбиін ойламайды. Не деген сұмдық бұл? Мына қызды тауып, сазайын беру керек", "Не жамандық істесе де өзіне істейді", - деп жазды көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары