Үндістанда ер адам туған анасын трактордың астына тастады деп жазады Life.ru.
Дау жерге таласып қалған екі адам арасында басталған. Олар жерді бөлісе алмай, бір-бірін сотқа береді. Судья жылжымайтын мүлікті біріне тиесілі деп үкім шығарады. Жеңілген жігіт жер жыртуға келген техникаға қарсы тұру үшін туған шешесін трактордың астына тастайды.
Оқиға болған жерге полицейлер келіп, анасын ауыр техниканың астына лақтырған жігітті тұтқынға алған.