29.06.2018, 09:37

"Ағашкілер әпереді": Байзақова өзінің кімдердің арқасында өмір сүріп жүргенін ашық айтты

Небәрі 23 жастағы атышулы блогер Айжан Байзақованың жоғары оқу орнын соңына дейін аяқтамай, тастап кеткенін ел жақсы біледі. Клубта секеңдеп билегеннен басқа істеген ісі көрінбейтін оған "ағашкілеріңнің арқасында өмір сүріп жүрсің ғой" дейтіндер көп. Байзақованың өзі бұған не дейді?

Иә, жиі қойылатын бұл сұраққа Байзақова келіссін бе. Жоқ әрине. Айтуынша, шығынының бәрін өзі еңбектеніп табады.

"Маған "ағашкілерің әперетін шығар" деп жазатындар бар. Мен әдейін "Иә" дей саламын. Бірақ шындығында олай емес. Егер маған біреулер қолдау білдіретін болса мен 2007 жылғы "BMW" автокөлігімен жүрмес едім. Әлдеқайда тәуірін алғызар едім", - дейді ол.

Сондай-ақ блогер шопингті "Zara", "Bershka" секілді арзан дүкендерден жасайтынын айтты. Бірақ Байзақова қарапайым халықтың жағдайынан хабарсыз секілді, себебі, бұл дүкендердің өзі екінің бірінің қалтасын көтере қоймайды.