29.06.2018, 10:16

Еңбектеген екі еркек тырдай жалаңаш иттерше төбелесті (ВИДЕО)

Англиядағы Нортамберланд түрмесінде жатқан екі еркек тырдай жалаңаш еңбектеп, иттерше төбелесті деп жазады Life.ru.

Видеоданы көріп, адам емес, ит төбелес дерсің. Ересек екі адамның мойнына қарғы бау тағылған. Ал кадр сыртында тұрғандар оларды бір-біріне айтақтатып, келеке етіп күледі кеп. Екеуі құдды иттерше әрекет етіп, мойындарын қара қан қылған.

Олар есірткі қолданған болуы әбден мүмкін. Түрмеде есірткіні қалып кіргендері белгісіз. Сондай-ақ олардың смартфон қолдануына да тыйым салынған.

Видео полицейлердің де қолына түсті. Олар тергеу амалдарын бастап кетті.