Ақтауда автокөлік Каспий теңізіне түсіп кетті. Бұл туралы шағын кеменің капитаны Сайдула Алиханов баяндап берді.
Оқиға күні кеше, яғни 29 маусым күні кешкі сағат 8 шамасында болған.
"Автокөлікті қайықпен жағаға әкелдік. 50 метр ұзап кеткен. Шығаруға 15 минут уақыт кетті. Капот батып кетті", - дейді Сайдулла Алиханов.
Желі қолданушылары жүргізушінің бұлай жасағанына қарап, алкоголді ішімдік ішкен деп жорамалдап отыр.
Дереккөз: Lada.kz