$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-дағы жаппай төбелес атыспен аяқталды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы түнгі клубта болған жаппай төбелес атыспен аяқталды, деп хабарлайды TVK телеарнасы.

«Москва» түнгі клубындағы атыс кезінде 21 жастағы азамат көз жұмды.

Белгілі болғандай екі топ алдымен түнгі клубта ерегесіп, кейін далаға шығып шешпек болған. Ерегестің соңы 10 жуық жігіттердің қатысуымен жаппай төбелеске ұласқан. Төбелес кезінде травматикалық тапаншадан атылған оқ сондағы бір адамның қабырғасын тесіп өтіп, 21 жастағы азамат көз жұмды.

ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат ҚАРАКӨЗОВА осы іске байланысты қысқаша мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша Абай аудандық ІІБ қызметерлері анықау жұмыстарын жүргізуде. Тиісті шаралар қолға алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары