03.07.2018, 06:32

Оралда көше ортасында қыздар төбелесіп, бір-бірінің шашын жұлды (ВИДЕО)

Оралда көше ортасында қазақ қыздары төбелесіп, аяусыз бір-бірінің шаштарын жұлды. Осынау сәтті жол бойында өтіп бара жатқан куәгерлердің бірі телефон камерасына түсіріп алған.

Қыздардың төбелесі таңертеңгі уақытта болған. Олар түнгі клубтардың бірінен шықса керек, жол бойында жаға жартысып, жаяу жүргіншілердің құтын қашырды.

Жұлысқан үш қызды сондағы жігіттер де ажырата алмай әлек болған. Видеода олардың қыздарды сабырға шақырып, ажыратпақшы болғандары көрінеді. Ақыры оқиға орнына келген полицейлер ғана бойжеткендерді сабасына түсіре алды.