$ 448.56  478.03  4.79

«Пара алды ма?» Маңғыстаулық полицей қарт кісіден ақшаға ұқсас зат алып, камераға түсіп қалды (ВИДЕО)

Маңғыстаулық полицей қарт кісіден ақшаға ұқсас зат алған. Бұл сәтті куәгерлердің бірі видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеді.

Бейнежазбада жол бойында көлік жүргізушісін тоқтатып, оны тексеріп жатқан жол полициясы көрінеді. Бір уақытта автокөліктің ішіндегі бір қарт кісіні өзінің қызмет көлігіне отырғызады. Әлгі қария сол жерде әмиянын ашып, полиция қызметкеріне ақшаға ұқсас зат берген.

Полиция көлігінің мемлекеттік номері Маңғыстау облысына тиесілі болғандықтан бұл оқиғаның сол өңірде болғанын желі қолданушылары жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары