$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлым секілді...»: Итін туған күнімен құттықтаған Алагөзованың қызынан жұрт жиіркеніп кетті

Баян Алагөзова қойып, енді қыздары шықты. Екі қызы да бірінен бірі өтіп, күн өткен сайын түрлі қылықтар шығарып келеді. Бірі жалаңаштанып, аузына келгенін айтса, екіншісі итінің туған күнін тойлап әлек. Бұл жолы Айарудың жұртқа итін «ұлымдай көрем» деген сөзі ұнамай қалды.

«Алғашқы туған күніңмен, махаббатым менің. Мэллоу - бізге әр күн сайын қуаныш, махаббат пен бақыт сыйлайды. Сені біз қатты құрметтейміз. Ұлым секілді жақсы көремін», - деп жазды Айару өзінің Instagram-парақшасына.

Желі қолданушылары жеті қазынаны жақсы көрудің де шегі бар екенін түсіндіруге тырысып жатыр продюсердің қызына. Әрине естір құлақ болса.

«Ұлым секілді» дегені несі? Фу, жиіркендіріп. Баршы әрі», «Шешесі екеуі құтырды-ау әбден», «Адам үнемін таппай отырса, осылар иттерінің туған күнін жасап әлек. Итті жақсы көрудің шегі бар ғой» десе, енді бірі: «Ұлыңның туған күні құтты болсын. Анасының үмітін ақтар перзент боп өссін дейміз», - деп мазақтай жөнелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары