$ 494.87  520.65  4.91

Жаңаөзенде балконда анасынан оңбай «таяқ жеген» баланың асыранды екені анықталды

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды! Таяқ жеген бүлдіршінді бұл отбасы небәрі бір жыл бұрын асырап алған екен. Енді бұл әрекеті үшін ол күйеуі екеуі ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін деп мәлімдеді КТК телеарнасы.

Ал 4 жасар баланы аяқ-қолын таяқпен ұрған келіншектің өзі жергілікті мектептердің бірінде мұғалім боп шықты. Айтуынша, ұлы айтқанын тыңдамай, қайта-қайта балконға шыға берген екен. Оны құлап кетпесін деп келіншек тілазар баланы таяқпен қорқытқан. Ал көршілері оны камераға түсіріп, ушықтырып жібергенге ұқсайды. Десе де, полиция қылмыстық іс қозғап үлгерді. Егер де ананың қатігездігі дәлелденсе, бала жетімдер үйіне оралады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары