$ 494.87  520.65  4.91

«Азық-түлік алуға көмектессеңіздер...»: Үш баланың анасы 18 мың теңгеге күн көріп отыр

27 жастағы Ақтөбе тұрғыны Олеся Летавская үш баласымен 18 мың теңгеге күнін көріп отыр. Отбасына азық-түлік, киім-кешек керек. Жас ана қазақстандықтардан көмек сұрайды деп жазады «NewTimes.kz».

Олеся жетімдер үйінде өскен. Айтуынша, оны әкесі жиі ұрып-соғып, ақырында ата-анасы үйден қуып жіберіпті. Анасы да тірі. Алайда, Олеся ол туралы жақ ашқысы келмейді.

«Жетімдер үйінде 4-сыныпқа дейін оқыдым. Кейіннен 9-сыныпты Ақтөбеде бітірдім. Техникумға оқуға түстім. Оны бітірген соң, 18 жасымда анам мені үйден қуып жіберді. Сөйтіп ары қарай оқуымды жалғастыра алмадым. Жұмыс істеуіме тура келді», – дейді келіншек.

Олеся 18 жасында тұрмысқа шыққан. Бірақ күйеуімен ұзақ бірге тұра алмапты. Кейіннен екінші рет отау құрып, одан үш бала туған. Күйеуі алкогольді ішімдікке жақын екен. Ажырасып кетейін десе, үш баланы өзі жалғыз асыраудан қорқатынын айтады.

Олесяның үлкен қызы 3 жарым жаста, ал ұлы - 2, кіші сәбиі болса - 5 айлық. Әйел 18 мың теңгеге күн көріп отырғандарын айтады. Арасында тұрғындардың үйін жинап ақша табады екен.

Сол себептен ол жүрегі кең қазақстандықтардан көмек сұрайды.

«Азық-түлікке мұқтажбыз. Балалардың үстіне киетін киімдері де жоқ», – дейді Олеся.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары