$ 494.87  520.65  4.91

Тыр жалаңаш шешінген ер адам Қостанай көшелерінде кезіп жүр (ВИДЕО)

Қостанайда тырдай жалаңаш шешініп тастап, көше кезіп жүрген ер адам жұртты шошытты. Куәгерлер оны әдеттегідей телефон камерасына түсіріп алып, видеоны әлеуметтік желі арқылы таратуда деп жазады alau.kz.

Лыпасыз жүрген ер адам Абай және Толстой көшелерін бойын кезіпті. Ары-бері өткен қала тұрғындары тыр жалаңаштанып тастаған оны көріп, ыңғайсызданғаннан жүздерін басады.

Ер адамның киімсіз жүруіне не себеп болғаны белгісіз.

Өңір полициясы хабарлағандай, тәртіп бұзушы «Бұзақылық» бабы бойынша әкімішілік жауапкершілікке тартылған. Ер адам 56 жаста. Бұл бап бойынша 200 бен 500 АЕК аралығында айыппұл төлеуге, қоғамдық жұмыс істеуге міндеттеледі немесе бостандығы шектеледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары