27.07.2015, 04:46

90 жастағы күйеу жігіт пен 81 жастағы қалыңдықтың некесі қыйылды

http://pavlodarnews.kz/

Павлодар облысында неке қию және ажырасу көрсеткіші төмендеуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 2015 жылы Павлодар облысында некеге отырған ең жас қалыңдықтар - 16 жаста. Олардың саны - 6 бойжеткен. Сондай-ақ 18 жастағы 16 күйеу жігіт отбасын құрған. Өңірдегі ең жасы үлкен қалыңдық 81 жасқа, ең жасы үлкен күйеу жігіт 90 жасқа толған. 2015 жылғы қаңтар-маусымда АХАТ органдары 1858 неке қию туралы және 1231 некені бұзу туралы акт жазбасын ұсынды. Некелесу саны 2,4%-ға азайды, ал ажырасу – 7,8%-ға көбейді. 1000 тіркелген некеге 662 ажырасудан келеді. Халықтың табиғи өсімі 2082 адамды құрады, сонымен қатар, қалалық жерде 1406 адам, ауылдық жерде 676 адам санының өсуі байқалды.