$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан полициясы Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрай ма?

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов ведомство Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрауы керек деп санамайды деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Жақыпов Денис Теннің өлімі үшін кешірім сұрау немесе сұрамау заңнамалық аспекті емес екенін атап өтті.

«Егер Қазақстан полициясы әлем полициясы сияқты елдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты екенін ескерсек, онда біз жауап беруге тиіс екенімізді мойындаймыз. Ал, егер, нақты осы жағдайға қатысты айтар болсақ, онда адам ретінде, осы жүйедегі құзырлы қызметкер ретінде, ішкі істер министрінің орынбасары ретінде менің мойнымда да моральдік жауапкершілік бар екенін мойындаймын. Ал, бірақ, халық алдына шығып, кешірім сұрау, тіпті, ол қоғамдық резонанс тудырса да. Егер, қылмыс тікелей полиция қызметкерлерінің кінәсінен болған болса, халық алдына шығып, кешірім сұрауға дайынмын. Ал, егер, қылмыстың себебі полицейлерге ғана қатысты болмаса, онда бұл мәселе мейлінше дұрыс деп ойламаймын», — деді Жақыпов.

Ол өмірінде қарамағындағылардың істеген ісі үшін кешірім сұраған кездері болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары