$ 448.89  477.93  4.76

«Молда ма мынау?»: Сахна төрінде жанын салып билеген имам жұрттың сынына қалды (ВИДЕО)

Сахна төрінде секіріп тұрып би билеген молда жұрттың сынына қалды. Осынау сәттегі видео желіге тарап, қызу талақыланып жатыр.

Бұл жайттың еліміздің қай өңірінде болғаны белгісіз. Сахнада жанын салып билеген молдаға жұрт қол соғуда. Молдаша киінген ер адам иегіне сақал қойған. Жұрттың оған көрсеткен қошеметіне ол одан сайын секіріп билей түседі.

Бұл ретте желі қолданушылары молданың бұл қылығын сынап жатыр. Олар «Молда уағыз айтуды қойып, билеуге көшкен бе?» деп жазуда. Ал кейбіреулері болса, оны әшейін молданың киімін киіп алғанын айтуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары