$ 498.34  519.72  4.85

Биыл Алматыда 600-ден астам аула жөнделеді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында ескі үйлерді сүру бағдарламасын жүзеге асыру, аулаларды абаттандыру және қаланың бірқатар даңғылдарын жаңарту барысымен танысты.

Мысалы, Сүлейменов көшесінің қилысы мен Жандосов көшесінен жоғары орналасқан ұй тұрғындарын уақытша орналастыру мен 50 жылдары салынған үйлерді сүру жұмыстары басталады. 8 пәтерлі үйдің орнына «Алматы ӘКК ҰК» АҚ жеке құрылыс жүргізушімен бірге орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлаған. Жалпы осы аймақта 44 ескі үйлер сүріледі.

Жетісу ауданы Райымбек даңғылы бойындағы 2,7 га жерге орналасқан екі қабатты апатты үй сүріледі. Жалпы, таяу жылдары 500 ескі және апатты үйлер бұзылып, олардың орнына 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады.

«Бұл бағдарламаны жүзеге асыру бірқатар мәселені шешуге жол ашады. Қаланың келбеті өзгереді, жұмыс орныдары ашылады, инвестиция тартылады, ең бастысы, қалалықтардың тұрмыстары жақсарады», - деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Әуезов ауданындағы жаңарған аулаларды көрді, биылғы жылы 65 аула жөнделеді. Егер өткен жылы қалада 500 аула жөнделсе, биыл тағы да 600 аула жаңарады.

Жаңа аулаларды салу кезінде балалар және спорт алаңдары, тренажер және ойын кешендері пайда болады. Олардың едендеріне асфальт және резина төселеді, орындықтар мен урналар қойылады, жарық көздері орнатылады.

Кейбір аулаларға пилотты режимде күн сәулесімен жұмыс істейтін жарық бағаналары орнатылған. Кейін олар өзге аулаларды жөндеген кезде кеңінен пайдаланылады.

Алматы әкімі қаланың тарихи орталығын жаңартуға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты. Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даңғылдары мен Абай алаңында инженерлік желілерді қайта жүргізу, тас төсеу, жарық бағаналарын, суару жүйелерін ауыстыру, кіре берістер мен нысанның сыртқы келбетін өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Реконструкция аясында жаяу жүргінші аймағы кеңейеді, көлеңкелі кеңістікке жасыл желек отырғызылады, фонтандар жаңарады және салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары