РФ Кострома облысының тумасы 35 жастағы Шарья есімді әйел күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді. Мұндай ауыр қылмысқа ол ерінің компьютерлік ойындарға құштарлығы үшін барған. Еркектің ойынға деген махаббаты әйелді мезі еткен деп жазады life.ru.
Дереккөздің жазуынша, ер адам мен әйел компьютерлік ойындары үшін жиі жанжалдасатын болған. Кезекті ұрыс-керістің бірінде әйел күйеуінің жүрек тұсынан бірнеше рет пышақ сұғады. Алған ауыр жарақаттан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Жанжал кезінде ерлі-зайыптылардың қасында 9 жасар қыздарының болғаны анықталды. Әйел өз кінәсін толығымен мойнындап отыр. Кішкентай балалары болғаны үшін ол үй қамағына алынды. Сонымен бірге күдікті әйел істеген қылмысы үшін 15 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.