Қостанай облысының Перелески ауылының тұрғыны екі баласына тәрбие бере алмағаны үшін сотталды. Оған айыппұл салынып келген. Алайда, қайырымсыз әке бұдан еш түзелмепті. Ал балалар болса, осы уақытқа дейін жетімдер үйінде тұрған және басқалардың қарауында болған деп жазады Nur.kz
Денисов аудандық соты ауыл тұрғынының ісін әкімшілік құқықбұзушылық ретінде тіркеді.
Ол жиі алкагольдік ішімдік ішіп, үйде балаларға дөрекелік көрсеткен. Бұл олардың психологиясы мен денсаулығына кері әсер беріпті.
Тіпті өткен жылы ер адамнан балалар тартып алынып, уақытша жетімдер үйіне тапсырылған болатын. Сол кезде оның іс-әрекеті үшін айыппұл салыныпты. Алайда, бұл ер адамды жөнге келтірмеген. Уақыт өткізіп барып, ол қайтадан бұрынғы әдетіне басқан.
Сот істің мән-жайын қарап, өз балаларына қарауға шамасы келмеген әкені 5 күнге қамауға алды. Сондай-ақ, оған алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салды.