28.07.2015, 09:05

Егеуқұйрық кезіп жүрген сауда орталықтары айыппұл төлейді

24.kz

Астанадағы сатылымдағы өрік жәшіктерінде тышқан жүрген супермаркетке 240 мың теңге көлемінде (шамамен 1200 АҚШ доллары) айыппұл салынды деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұған дейін Азаттық тілшісі Green супермаркеттінің көкөніс бөліміндегі өрік жәшіктерінде тышқан жүргенін суретке түсіріп алып, ол қаладағы санитарлық қызмет назарын аудартқан еді.

Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде бөлім бастығы міндетін атқарушы Елена Такамбаеваның 24.kz телеранасына берген сұхбатында, супермаркет басшылығы көкөністе тышқанның жүруін дезинфекция жасау туралы келісім-шарт жасасқан мекеменің сапасыз жұмыс істеуінен көрген.