Ақмола облысында зейнет жасындағы ер адам өз ұлын немерелерінің көзінше пышақтап өлтірді деп жазады Sputniknews.kz.
Оқиға биыл 17 наурызда болған. Күні кеше қарияға сот үкімі шықты.
Белгілі болғандай, сол күні мас тұрғын әйелімен түнде қонақтан оралады. Киімін ауыстырып, малды жайғастыруға дала шығып кетеді. Үйіне қайтып келсе, ұлы теледидардың даусын қатты қойып көріп отырған немерелеріне ұрысып жатыр екен. Ақсақал балаларға тиіспе деп ескертеді. Сол кезде екеуінің арасында жанжал туады: әкесі бұрын да жұмыс істемейсің деп баласына ұрысқан.
Кенет баласы үтікті алып әкесінің басына лақтырып жібереді, ақсақал соққы алып, шкафқа құлап түскен. Ашуға булыққан ол ас үй пышағын алып, ұлының кеуде тұсына екі рет сұғады. Жігіт алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше жан тапсырды.