$ 494.87  520.65  4.91

Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау туралы Киелі кітап не дейді?

Сұрақ: Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау туралы Киелі кітап не дейді?

Жауап: Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау Киелі жазбада көп рет әшкереленеді, өйткені ол да азғыныққа жатады (Елшілер. істері 15:20; Рим. хат 1:29; Қорынт.1-хат 5:1; 6:13,18; 7:2; 10:8; Қорынт. 2-хат 12:21; Ғалат. хат 5:19; Ефес. хат 5:3; Қолос. хат 3:5; Салониқа. 1-хат 4:3; Яһуда. хаты 7). Киелі кітап адамды некелесу алдында пәк болуға шақырады. Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасау азғындықтың бір түрі болғандықтан осы әрекет күнәға жатады, өйткені адам өзінің жұбайы емес, бөтен адаммен жақындасып, осыдан арамданады. Құдай ерлі-зайыптыларға ғана жыныстық қатынас жасауға рұқсат береді (Еврей. хат 13:4).

Неке құрмастан бұрын жыныстық қатынас жасаудың әдеттегі нәрсе болып кеткен. Адамдардың көбісі бұдан сескенбейді. Осының көп себептері бар. Адамдар жыныстық қатынастан ләззат алғанда осы күнәның зардаптары жайлы ойланбайды. Иә, жыныстық қатынастың ләззат беретіні рас, өйткені Құдай оны солай жаратты. Құдай ер адамдар мен әйелдердің осындай қатынастан ләззат алғанын қалайды, алайда олар осыны некелескеннен кейін ғана істеу керек. Құдайдың жоспары бойынша жыныстық қатынастың ең бірінші мақсаты ләззат емес, адамдардың өсіп-өніп көбеюі болған. Құдайдың некеден тыс жыныстық қатынасқа неліктен тыйым салады? Бізді ләзаттан құр алақан қалдыру үшін бе? Жоқ, Құдай осыны біз игілігіміз үшін істейді. Демек, Құдай қыздардың өз қалауларына қарсы жүкті болғанын, кенеттен пайда болған балалардың ата-анасыз қалғанын қаламайды. Егер адамдар Құдайдың жыныстық қатынас жайлы шығарған ережелеріне мойынсұнғанда осы әлемдегі жағдай әлдеқайда жақсырақ болар еді: азғындықтың кесірінен пайда болатын аурулар, жалғыз қалдырылған аналар, баласын алғызып тасағысы келетін жас қыздар және тағы басқа қайғылы жағдайлар аз болатын еді. Сондықтан Құдай адамдардың некелеспей тұрып жыныстық қатынас жасауына тыйым салады. Құдайдың осы шарасы кінәсыз нәрестелердің өмірін сақтап, балаларды қорғап, адамдардың арасындағы жыныстық қатынастың құндылығын көтереді. Бірақ ең маңызды жағдай мынау: дұрыс әрі сау жыныстық қатынас Құдайдың атына мадақ әкеледі.

Дереккөз: Gotquestions.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары