$ 498.34  519.72  4.85

Сапарбаев Маңғыстау өңіріне ресми сапармен барады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ жерасты қондырғыларды жөндеу бойынша цех және Жаңаөзен қаласының су тазарту стансасының ұжымымен кездесуі көзделген. Сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары 2014 жылы қолданысқа берілген перзентханаға болмақ.

Жаңаөзенге сапары барысында облыс және қала басшылығы Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту және моноқалаларды дамыту бағдарламаларының жүзеге асыру барысын баяндайды.   

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мекемесінде еңбекпен қамту және қазақстандық үлес мәселелері бойынша кәсіпкерлер мен облыс әкімдігі арасындағы қол жеткізілген меморандумдардың жүзеге асырылуы мәселелері бойынша жиын өтеді.

Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиохирургиялық бөлімін аралаған соң Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінде  Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен облыстағы әлеуметтік саланы дамуы мәселелеріне арналған жиын өтеді.  

Бұдан кейін Бердібек Сапарбаев спорт сарайы мен Назарбаев зияткерлік мектебі құрылысының барысымен танысады.  

2015 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік саласын дамыту үшін  10,5 млрд теңге бөлінді, оның 4,7 млрд теңгесі республикалық және  5,7 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен. 2014 жылы Маңғыстау облысының әлеуметтік саласын дамыту үшін  7,6 млрд теңге бөлінді, оның 2,5 млрд республикалық және  5,1 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары