$ 494.87  520.65  4.91

Селдің алдын алу шаралары жасалуда

Сел ағынынан зардап шеккен Алматы қаласының аудандарында 3008 адам мен 394 бірлік техника авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ТЖ комитетінің баспасөз орталығы.

«Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлер мен №187, 188, 192 жалпы білім беретін мектептер, сондай-ақ көшелер мен жолдар селмен келген батпақ пен тастан тазартылуда. Лай мен қатты тұрмыстық қалдықтарды қала сыртына шығару ұйымдастырылды. Қарғалы бөгетінің темір торларын және өзен арнасын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы 4,2 шақырым өзен арнасы тазаланды. Құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 332 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, №176 мектеп-гимазия ғимаратында медициналық көмек көрсету бекеті ұйымдастырылды. 5 стационарлық және жылжымалы тамақтандыру пункттері қызмет көрсетуде.

Байланыс және құлақтандыру қызметі 42 кабельді люктерді тазалау жұмыстарын жүргізді.

Алатау және Әуезов аудандарында да үйлерді, көшелер мен жолдарды лай мен қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Тазаланған аумақтардан тиісінше 25 455 және 2690 текше метр селмен келген лай қала сыртына шығарылды.

Жалпы зардап шеккен аудандардан қала сыртына 111 477 текше метр лай мен қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары