$ 443.35  475.54  4.82

Оралда кондуктор мүгедек адамды автобусқа мінгізбей қойды (ВИДЕО)

Оралда кондуктор мүгедек адамды автобусқа мінгізбей, аялдамада тастап кетеді. Осынау сәттегі видеоны Маралбек Балдахов есімді азамат Facebook әлеуметтік желісіне жүктеген.

Оның айтуынша, оқиға 4 тамыз күні болған.

Бейнежазбада кондуктордың мүмкіндігі шектеулі жанды автобустың маңына жолатпай қойғаны көрінеді. Оны кеудесінен итеріп, ары қарай автобус жүріп кетеді.

Ал мүгедек адам автобустың артынан жүгіргенімен оны қуып жете алмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары