30.07.2015, 03:16

Маңғыстау өңірінде 5 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Фото: youthpolicycenter.kz

Маңғыстау облысында жыл басынан бастап 5 431 адам жұмыспен қамтылды.

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру  және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректеріне сүйенсек, жыл басынан бастап жұмыспен қамту органы 5431 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесті: 1734 жұмыссыз адам тұрақты бос жұмыс орындарына алынды; 251 адам қайтадан құрылған жаңа жұмыс орындарына орналастырылды, оның ішінде мемлекеттік, салалық бағдарламалар, өңірлерді және жеке бизнес бастамаларын дамыту бағдарламалары, шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар міндеттемелері аясында жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ 848 адам әлеуметтік жұмыс орнына алынды;  орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарының 768 түлегі жастар тәжірибесі аясында құрылған жұмыс орындарына жіберілді; 1829 жұмыссыз - қоғамдық ақы төленетін жұмысқа тартылды.

«Егер өңірлер бөлігіндегі көрсеткіштерге назар салсақ, Ақтау қаласында 967 адам,    Жаңаөзен қаласында - 1472, Мұнайлы ауданында - 663, Қарақия ауданында - 504,   Бейнеу ауданында - 1060,  Маңғыстау ауданында - 366, Түпқараған ауданында - 399 адам жұмыспен қамтылды», - деп атап өтті ведомстводан.