Науқас дәрігердің өзіне дөрекілік көрсеткенін телефон камерасына түсіріп, артынша видеоны желіге жүктеген.
Оқиға Алматыдағы №12 Орталық клиникалық ауруханасында болған. Айтуынша, 13 жылдан бері бір аяқсыз жүрген анасын әйел дәрігерге көрсетпекші болыпты. Алайда, қабылдау бөлмесінде дәрігер науқасты қараудан бас тартып, анасы мен қызына дөрекілік көрсеткен.
Бейнежазбада дәрігердің екі әйелді қабылдау бөлмесінен қуып жатқанын аңғаруға болады.
«№12 Орталық клиникалық ауруханасындағы іріңді-хирургиялық бөлімінің қабылдау бөлмесіне бізді жедел жәрдем әкелген болатын. Бірақ дәрігерлер біз ол ауруханада тіркеуде жоқ болғанымыз үшін қабылдамай қойды. Бұған қарсылық білдірген едік, дәрігер науқас анама қарамастан «Кет, жоғал» деп бізді есігінен қуып шықпақ болды. Дәрігерлерге қарап, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қалай қайтыс болғанын білгендеймін. Анамның жасы 55-те. Ол 13 жыл бойы бір аяқсыз жүр. Ал олар болса қараудан бас тартты», – деп жазған видео авторы.