Зейнеткер жасында тұрмысқа шыққан әжейге жұрт бақыт тілеп, «отырған қыз орнын табады» деген сөздің бекер айтылмағанын еске алды. Осынау сәттегі видео желіге тарап, қызу талқыға түсті.
Бейнежазбаның еліміздің қай өңірде түсірілгені белгісіз. Алайда, қазақ көйлек киіп үйінен шыққан ақсақал мен әжейді көпшілік құттықтауда. Ерлі-зайыптыларға шашу шашып, әжейді лимузинге дейін шығарып салған. Тіптен әйелдер жағы сыңсу айтылып, жас келінге «артыңа қарама» деп кеңес берген.
Өз кезегінде желі қолданушылары да бас қосқан ата мен әжейге бақыт тіледі. Кейбіреулері зейнеткер жастағы кісілер «Алтын тойларын» атап өткен десе, енді бірі расымен әжейдің осы жасында тұрмысқа шығып жатқанын жазуда.