300 еркекпен төсектес болған 35 жастағы әйел өмірімен қош айтысты. Бұл туралы марқұмның құрбысы Оксана Newtimes.kz порталына әңгімелеп берді.
Құрбысының айтуынша, ол кездескен әр жігітінің есімін арнайы қойын дәптеріне жазып, сақтаған. Тізімде кемінде 300 жігіттің есімі болыпты.
Наталья Корнеева (есімі өзгертілген) күйеуімен ажырасып кеткен екен. Бір қызы болғанымен, ол туралы сөз қозғамайтын болған. Сұлу, сұр көзді әйел еркектерді өзіне ынтық ете білетін. Ол үшін көп нәрсенің қажеті жоқ, тек көзінің қиығын салса болды барлық еркек соныкі болыпты.
Наталья құрбысына еркектің басын қалай анйладырудың құпияларымен бөліскен. Оксананың айтуынша, құрбысы кездескен жігіттерінің барлығымен төсектес болыпты.
«Біз Наташамен араласып жүргенде оның бар ойы жігіттерде болды. Бұл менің қытығыма тиетін. 20 жыл күйеуіммен бірге тұрып жатқан мен үшін отбасы құндылықтары бірінші орында еді», - деп есіне алды Оксана.
Наталья бірнеше жігітпен төсектес болуының салдарынан аяқ асты ауырып қалған. Әйелдің денесіне себепсіз жара шығып, ыстығы көтеріле беріпті. Тіптен тамақ жеуден қалып, 40 келі салмаққа дейін түсіп кеткен. Сол уақыттарда Оксана құрбысына жыныстық инфекцияға тексерілу қажеттігін айтқан. Алайда, Наталья еш тыңдамапты. Туған анасының да сөзін құлаққа аспаған.
Ол өмірінің соңғы күндерінде әйел тек кездескен сүйіктілерінің есімін атаумен болған.
Психологтардың айтуынша, жыныстық қатынасқа тойымсыз болу – ол промискуитет деп аталатын дерт түрі екен. Мұндай адамдар осы секілді жыныстық ауруларды жұқтыратын көрінеді.