Қостанай облысының 93 жастағы тұрғыны зейнеткерді өлтірді деп айыпталуда. Қанды оқиға Затобол ауылында болған деп жазады Alau.kz.
Бұл ақпаратты Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.
21 тамыз күні кешкі сағат 17:30 шамасында Қостанай ауданына қарасты Затобол ауылында 80 жастағы ер адамның азаптап өлтірілген мәйіті табылған.
"Шұғыл іздестіру жұмыстары барысында күдікті ретінде 93 жастағы қария ұсталды. Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қылмыстық іс қозғалды", - делінген облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.