$ 488.45  529.19  5.04

Өзбек билігі мешіттерге қайта бақылау орнатты

Азаттықтың өзбек қызметіне хабарласқан өзбекстандық тұрғындар Құрбан айт кезінде, Ташкенттің Чупонота мешітінде найыб имам Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы дайындаған мәтінді уағыз ретінде оқыды деп шағымданды.

Мешіттің найыб имамы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасы (ӨМДБ) мешітке келушілерге бақылау орнатқанын мойындаған. Биыл ақпан айында ӨМДБ төраға орынбасары Айдарбек Түлепов қызметінен алынғаннан кейін, Өзбекстанда мешіттер құқық қорғау органдары тарапынан бақылаусыз қалған.

ӨМДБ өкілі 23 тамызда елдегі 2039 мешіттің имамдарына Құрбан айтта айтылатын уағыздың бірдей мәтінін жібергенін растады. Ол мұны көптеген мешіттердің имамдарында жеткілікті діни сауат жоқ, олар өз беттерінше уағыз айтуға дайын емес деп түсіндірді.

56 жастағы Ташкент тұрғыны Камариддин Курбанов елде көптеген мұсылмандар биліктің бақылауының астында Құдайға жалбарынып, имамдардың зеріктіретін уағыздарын тыңдауға мәжбүр дейді.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары