27.08.2018, 03:50

Шебердің қолы ортақ (ФОТО)

«Ел іші – өнер кеніші» деп дана халқымыз қалт айтпаған. Екінің біріне бұйыра бермейтін бұл талант иесінің қол өнері кім-кіміді болмасын өзіне баурап әкетері сөзсіз.

Виталий Николаевич Хлебов 1949 жылдың 29 қарашасында Жезқазған қаласында дүниеге келген. Жастайынан табиғат аясында көп серуендеп, оның ғажайып жаратылысына, тылсым күшіне қызғушылығы зор болған. Мүмкін соның әсері ме, өсе келе ол ағаштан ойып, күйдіріп, әр түрлі шағын мүсіндер жасай бастайды. Сурет салуды да өте ұнатып, жақсы меңгереді. 25 жыл Жезқазған Мыс зауытында суретші болып еңбек етеді. Бірақ оның бар ынтасы мүсін жасау еді. Ол арманына да жетеді. Біраз жыл Жезқазған педогогикалық институтында көркемсурет факультетінде студенттерге сабақ береді. Шебердің шәкірттері жетіп артылады. Виталий Николаевич Кеңес Одағы кезінде бірнеше республикалық, халықаралық көрмелерге туындыларын апарып жүлдемен оралды. Атап айтқанда сол кездегі Москва қаласында, Швеция және Чехияда шығарамшылығын паш етіп, жұрттың таңданысын тудырады. Виталий Хлебов ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, оның шығармашылығы сан қырлы, суретші ретінде де, ағаш шебері ретінде де, кез-келген материалмен, сүйекпен, терімен, металлмен, ағашпен, таспен жоғары деңгейде жұмыс істей алады. Ал бастысы ол ағаш шебері, осы өнерді насихаттаушы ретінде республикаға танымал.

Виталий Николаевичтің жалпы Қазақстанның, атап айтсақ, Ұлытау-Жезқазған өңірінің табиғатын, тарихын сипаттайтын еңбектері де аз емес.

Ол Комбинатский елді мекеніндегі өзінің ауласында жергілікті тұрғындарды, жасөспірімдерді қуанту мақсатында дизайндік парк жасаған. Дизайнын әдемілеп әрлеген шебердің туындылары 30-дан асып жығылады. Мұнда бақшалық ескерткіштер, тастан, ағаштан, пенопластан жасалған адамзат дамуының тарихын, ғаламшарлар тарихын қамтитын керемет туындылар көпшіліктің көңілінен шығуда. 

Әсіресе шебер халық ынтызар болған дүниелерді жасап, әсем жауһарға айналдыра білген. Виталий Хлебовтың айтуынша адам өмірге бірақ рет келді. Сондақытан артында өнегелі айтарықтай із қалдырып, айналасына, жүрген ортасына мейіріммен қарап, қолынан келгенше пайдалы іс тындырған жөн дегейді.

Ізтөлеу БЕКЕНҰЛЫ