$ 498.34  519.72  4.85

Ұлытау – ұлт бесігі

Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласындағы «Сакралды Қазақстан», «Туған елге тағзым» бағыттары бойынша Астана қаласындағы нөмері 73 техникалық мектеп-лицейінің 9 «А» сынып оқушылары және осы аталған сыныптың жетекшісі Гүлзира Батырханқызы бастаған бір топ саяхатшы Ұлытау – Жезқазған аймағына танымдық саяхатқа келді.

Бұл танымдық саяхат Астана қалалық жасөспірімдер мен балалар туризм орталығымен бірлесе ұйымдастырылды. Сондай-ақ, барлық сапардың материалдық шығынын да осы орталық көтеріп отыр.

Айтулы білім ордасы Елордамыздағы алдыңғы ондықтар қатарынан ойып орын алған ең үздік білім шаңырағы десе болады. Шәкірттері жалпы пәндер бойынша республикалық және халықаралық білім додасында жиі қатысып, алдына қара салған емес. Заман талабына сай білім беру мен қатар олардың жан-жақты талантты болып қалыптасуы мен өнерге құштарлықтарын арттыруда ұстаздардың еңбегі зор.

Жалпы оқу ордасы жаратылыстану бағыты бойынша білім нәрімен сусындатса, физика, математика пәндері бойынша тереңдетіп оқытады. Ұжымды ұлағатты ұстаз, білікті басшы, шебер ұйымдастырушы Құралай Аманкелдіқызы Байтажикова басқарып отыр.

Саяхат 4 күнге созылды. Осы уақыт аралығында жастар Жезқазған қаласының көрікті жерлерімен, Алашахан, Жошыхан кесенелерінде болып, Домбауыл ғибадатханасына табан тіреді. Ұлт ұясы Ұлытауда болып, Айыртау етегенде тарихшылардың бабалар жолынан аңыз - әңгімеріне қанығып рухыни әсер алды.

Әрине, қазақ тарихында Ұлытаудың орны айрықша екенін білеміз. Үш жүздің басын қосып, елдігімізбен бірлігімізді айқындап, мұқым қазаққа алтын тұғыр болған жер. Жастарымыз соны біліп, ұғынып, қасиетті өлкенің асыл қазынасын, ерлік пен елдіктің, береке мен бірліктің үлгісі болған Ұлытауды жан-жақты тану.

Саяхаттың соңғы күні Жезді кентіндегі ашық аспан аясындағы металлургиялық мұражайды тамашалап, таңданыстарын жасыра алмады. Ұлт болашағы жастарымызға жергілікті тұрғындарда зор құрмет, қонақжайлықпен қарап қолдау жасады. Әсіресе, жас саяхатшыларға өткен тарихтан бүгінгі күнге дейін, бүге-шігесін қалдырмай айтып, гид қызметін атқарған ұлытаулық жеке кәсіпкер, Сағадат Мұхамбетовке қонақтардың айтар алғысы шексіз. Сондай-ақ, осындай естен кетпес рухани әсер сыйлаған жоғарыда есімдері аталған ұстаздары мен ұйымдастыруышыларына да ризшалықтарын жеткізуде.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары