$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында тағы үш адам кәріз құдығына түсіп қайтыс болды

Қапшағайда кәріз құбырын тазаламақ болған үш слесарь уланып қайтыс болды деп хабарлайды Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға 28 тамыз күні сағат 11:49-да Қапшағайдағы 10-шы кәріз сорғысы станциясында болған. 

"Кәріз құбырындағы жоспарлы тазарту жұмыстары кезінде алдын ала болжам бойынша метан газынан "Қапшағай Су құбыры" мекемесінің үш слесарі уланып қайтыс болды. Олар 1964, 1965 және 1967 жылы туған ер азаматтар", - делінген аталған хабарламада.

Есте болса осыдан бір айдай уақыт бұрын Алматы облысындағы ауруханалардың бірінде кәріз құбырына түскен үш жұмысшы уланып қайтыс болған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары