«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың көп бөлігі білім саласы мен құқық қорғау органдарында орын алуда» деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов 2015 жылдың 6 айына жасаған есебі барысында.
Департамент басшысының мәлімдеуінше, облыста жең ұшынан жалғасқан жемқорларға қарсы күрес жандана түскен. Ол халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін көтерілуінің нәтижесінде байқалып отырғандығын атап өту керек.
- Әр өңірдің өз ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілерінің арасында еңбегіне адал орындаушылық қабілеті жоғары мамандар баршылық, бірақ жемқорлықты бизнеске айналдырғысы келетіндердің ұшырап отырғандығы көңілді қынжылдатады. Оларды дер кезінде ауыздықтап отыру үшін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізіп отыру маңызды іс. Ұлт жоспарын шынайы өмірге ұластыру мемлекеттік қызметшілердің басты міндетіне айналуы тиіс, -- дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы.
Департамент басшыны, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы пікірін білдірді. Оның мәлімдеуінше, бұл – қоғам мен мемлекетті қайта өзгертуге бағытталған, одан әрі өркениетке бастайтын құжат.
- Ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжат ағымдағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие деп есептеймін. 100 нақты қадамның қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған. Басты назар – кәсіби мемлекеттік аппаратты құруға бағытталғанын ерекше айта кету абзал. Себебі, өз ісін жетік білетін, білімді әрі білікті, талантты, өз мамандығына адал мемлекеттік қызметшілер елге қызмет етпейінше, бұл реформаларды іс жүзіне сапалы асыру мүмкін емес. Бір белестен екінші белестерді ала отырып, дамудың нақты бағдарлары және айқын да салмақты стратегияларды белгілеп алға ұмтылып, басты меже алдыңғы қатарлы 30 –дыққа ену үшін қажырлы да жасампаз еңбек ету қажет. Бұл жан-жақты даму Қазақстанды өмірдің жаңа жоғары стандарттарына жақындатады, - дейді ол.
Департамент басшысы «100 нақты қадам», «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатынына сенімді.