Алматылық 38 жастағы әйел 4 жылдан бері отбасылы еркектің көңілдесі боп жүргенін, тіпті, сонысы үшін пәтер иесі болғанын айтып мақтанды. Бұл туралы ол 7-арнадан шығатын «Өз ойым» бағдарламасында баяндады.
Өз бастығымен көңіл қосып жүрген Алматы тұрғыны қазір жұмыс та істемейді екен.
«Алматыда мейрамханада ыдыс жудым, аспаздың көмекшісі болдым. Күніне 3 мың төледі. Сол мейрамхана директорымен бір ай бірге жүрдік. Кейін үй әперді. 4 жылдан бері біргеміз», – деген әйел отбасылы еркектің көңілдесі боп жүргенін баяндады.
Студияға келген қонақ апай кейіпкерге: «Аяқ қолын сау. Еңбек етіп, өз күшіңмен алмайсың ба үйді? Біреудің отбасы бар еркегінде не жұмысың бар? Ұялмайсың ба?» деп кейіп тастады.