Оңтүстік Қазақстан облысында халық емшілері халықты қырып жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша биылдың өзінде 3 жүкті келіншек тәуіптің айтқанын істеймін деп, қайтыс болған.
Ал, былтыр емшілерден «ем қабылдап» , ауыр халде ауруханаға жеткізілген 6 әйелдің бесеуі шаранасымен бірге көз жұмған. Ал биыл тәуіпке қаралып, өзі мен сәбиінің өмірін қатерге байлаған үш келіншектің екеуі қайтыс болды.
«Біз бензин ішкен ананы әрең дегенде аман алып қалдық. Тәуіп жүз грамның көлемінде бензин іш деген соң, жас ана сеніп іше салған. Сол келіншекті құтқарып, аман-есен алып қалу үшін облыстағы білікті дәрігердің бәрін жинадық. Келіншек бензин ішсе, токсикозды басады деген емшінің айтқанын бұлжытпай орындаған. Бұл дегенің өте қауіпті», – дейді ОҚО бас кординаторы Зияш Баянқызы.