$ 489.06  536.21  5.05

«50-дегі еркектерге дейін қызмет көрсетеміз»: Алматылық жезөкшелер оңай ақша тауып жүргендерімен бөлісті

Алматылық жезөкше қыздар өздерінің бұл кәсіпке қалай келгендерін айтты. Олар тек сауна не болмаса қонақүйлерде ғана жұмыс істемейді. Сондай-ақ, караоке-барларға келген шетелдіктердің көңілін көтеріп ақша табады деп жазады NUR.KZ.

Назира осы жазда ғана 18-ге толған. Оны 12 жасында екі такси жүргізушісі зорлап кетіпті. Айтуынша, ол жезөкшелікпен ермек үшін айналысып жүр екен. Өйткені анасының дүкені бар, ақшадан таршылық көрген емеспін дейді.

«Біз құрбыларымызбен саунаға барамыз. Ол жерде 50 жастағы еркектерге дейін қызмет көрсетеміз. Мен көбіне шетелдіктер бар жерге барамын. Өйткені олар ақкөңіл. Біз «шәй» және «кофе» болып бөлінеміз. «Шәй» – еркектің әшейін көңілін аулау, ал «кофе» – олармен жыныстық қатынасқа түсу. Мен «кофемін». Әзірге маған жезөкше болған ұнайды», – дейді Назира.

19 жастағы Жібек те караоке-клубтарда еркектерге «Кофе» болып қызмет көрсетеді. Тек шетелдіктердің көңілін көтеріп жүрген ару, қытайлық азаматтардың ақшаны аямайтынын айтады. Сол себептен өз отандастарына жоламайтын көрінеді. Тіпті Жібекке филиппин жігіті ғашық болып, үйленуге ұсыныс жасапты.

21 жастағы Анель болса, ақшадан көп таршылық көрген. Жезөкшелікпен сол үшін айналысып жүргенін айтады.

«Мен басқа қыздар секілді арзан жерлерге бармаймын. Караоке-барларда тыныш. Бұл жерге қалталы азаматтар келеді. Жезөкшелікпен айналысқаным дұрыс емес. Бірақ балам бар, оны асырауым керек қой. Ата-анам жезөкше болып жүргенімді білмейді. Олар мені даяшы болып жұмыс істейді деп ойлайды. Мен маңдай термен ақша табу үшін еден жуушы болғым келмейді. Болашақта жақсы жігіт тауып, соған тұрмысқа шықсам деймін. Менің клиенттерімнің барлығы шетелдіктер. Сондықтан үйленген жігітім менің жезөкшемен айнлысқанымды білмей де қалуы мүмкін», – дейді Анель.

Бойжеткен егер 1000 доллар айлық төлейтін жұмыс табылса, жезөкшелікті тастайтынын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары