Қоғам 15.09.2018 сағат 10:39  677

Мамандар түнде жұмыс істейтін әйелдердің сүт безі ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады

Монреаль университетінің ғалымдары түнде жұмыс істейтін әйелдердің сүт безі рагына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress таратқан баспасөз хабарламасында жазылды. 

Мамандар түнде жұмыс істейтін әйелдердің сүт безі ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Зерттеу жұмысына Австралия, Канада, Франция, Германия және Испания елдерінен 13 мың әйел қатысты. Олардың орташа жасы – 55-59, 6,1 мыңы сүт безі рагына шалдыққан. Осы респонденттер арасында сауалнама жүргізіліп, олардың қауіпті ауруға шалдығуының себебі анықталды. 

Нәтижесінде әйелдердің рак ауруына шалдығуы олардың түнгі уақытта жұмыс істегендерімен байланысты екені айтылды. Түнгі он екіден кейін 3 сағат жұмыс істеген әйелдердің рак ауруына шалдығу қаупі 12% болған. Ал аптасына үш рет күнделікті 10 сағаттан артық жұмыс істегендердің бұл ауруға шалдығу қаупі 80% артқан.

Мамандар әйел адам түнімен жұмыс істегенде олардың циркад ритмдері бұзылатынын айтады. Кейін осының салдарынан ісікке қарсы тұратын мелатонин гормоны аз бөлінеді.

Дереккөз: Sрutniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар